© "Араши ММА" федерациясы
"Араши"ММА Маңғыстау облыстық федерациясы Қызылорда қаласында 2-5 маусым аралығында өткен Қазақстан чемпионатына қатысып, үздік команда атанды. Облыстан іріктеліп шыққан 30 баланың 22-сі жүлделі орындар алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Алдымен облыста "Араши ММА" бойынша облыстық турнир өткізіп, кіл мықтылар анықталды. 30 бала Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Олар Қызылорда қаласында өткен чемпионатқа қатысты. 11 спортшы алтын алқа, 7 спортшы күміс алқа, 4 спортшы қоланы қанағат тұтты. 22 бала орын алып, командалық есепте Маңғыстау облысы бірінші орын алдық, - деді "ARASHI” MMA Маңғыстау облыстық федерациясының төрағасы Бекет Абдуллаев.
2-5 маусымда Қызылордада өткен чемпионатқа қатысқан ең жас чемпионымыз 5 жаста. Өз салмағында қарсылас болмай, өзінен үлкен салмақтағы спортшымен кілемде кездессе де жеңісті бермеді.
Аралас жекпе-жекке қызығушылар саны күн санап өсіп келеді. “Араши” федерациясының спортшылары 14-22 аралығында Қырғызстанда өтетін "Жемчужина Кыргызстана" атты Халықаралық фестивалге қатыспақ.
Федерацияның аға жаттықтырушысы Алихан Аббас Үндістанда 14-16 маусымда өтетін Азия ойындарына қатысып, Қазақстанның намысын қорғайды.